Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Семей қаласының әкімі болып Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды

Бұған дейін ол ШҚО Ұлан ауданының әкімі болған.

Семей қаласының әкімі болып Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды
фото: inform.kz

Бүгін Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлады Stan.kz.

Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы - Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. 1970 жылы туған. Бұған дейін ол түрлі қызметтерде болған, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейінгі соңғы қызметі - ШҚО Ұлан ауданының әкімі. Семей қаласының әкімі ретіндегі жаңа қызметінде Нұрымбет Сақтағанов қаланы 2015 жылдың маусымынан бері басқарған Ермак Сәлімовтің орнына келді.

Нұрымбет Сақтағанов Қызылорда педагогикалық институтының, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің, қашықтан білім беру институтының, Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтының түлегі. Оның "мұғалім", "есепші", "заңгер" мамандықтары бойынша дипломдары бар. Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда қаласындағы 172-орта мектепте мұғалім болып бастаған. 1995-2001 жылдары Қызылорда облысының кеден басқармасында, содан кейін Мемлекеттік кірістер министрлігі Кеден комитетінде жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Нұрымбет Сақтағанов Үкіметтің бас инспекторы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім бастығы және министрдің кеңесшісі болып қызмет атқарған.

Кезінде ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, әкімшіліктің мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінге дейін Семей қаласының әкімі қызметін атқарған Ермак Сәлімов ШҚО әкімінің тұрғын үй және құрылыс мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды