Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Түркі әлемі бірге болуы керек»: Ердоған жаһандық сын-қатерлер жайлы

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түркі елдерінің бірігуі жайлы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Түркі әлемі бірге болуы керек»: Ердоған жаһандық сын-қатерлер жайлы
Фото: Telegram/Aqorda

«Біз жаһандық сын-тегеуріндерге төтеп беруіміз үшін түркі әлемі бірге болуы керек. Қазір осы шындықты көріп отырмыз және көптеген елде соғыс болып жатыр. Әзербайжанда болған отандық соғыс аяқталғаннан кейін 30 жыл бойы оккупациялаған Қарабақ аумағын өзіне қайтарып алды. Бұл Әзербайжанның үлкен жетістігі деп айтуға болады», - деді Түркия президенті.

Ердоғанның айтуынша, Түркі мемлекеттері өңірі қазір бейбітшілікке қарай бір қадам алға жылжыды. Ердоған атағандай, бұл – өңір үшін жаңа мүмкіндіктер терезесі.

«Армения үшін қазір Әзербайжанға қатысты өзінің міндеттерін орындау өте маңызды. Тағы  бір маңызды дүние – көлік дәлізі. Әзербайжанның батысы мен Нахчеванды қосу керек. Осы көлік жолының ашылуы барлық елдің дамуына үлес қосады. Және Түркияны Орталық Азиямен қосады. Орталық Азия – біздің бабаларымыздың жері. Бұл процестер сәтті аяқталуы үшін түркі әлемі осы жұмысты ары қарай жалғастыруы керек», - деді Режеп Тайып Ердоған.

Еске салайық, бүгін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтіп жатыр. Жиынға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан президенттері ұйымға мүше мемлекет басшылары ретінде, Мажарстан Премьер-министрі мен Түрікменстан басшысы бақылаушы елдің басшылары ретінде қатысады.

ТМҰ саммиті «Түркі дәуірі» ұранымен өтеді.