Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Торғайда Ахмет ауылына дейінгі 1,2 млрд теңгенің жолы әлі салынбаған

Қостанай облысының Жангелдин ауданына қарасты Ахмет ауылына баратын 107 шақырым жолдың сапасы сын көтермейді. Жауын-шашында ми батпаққа айналады. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы хабарлады.

Торғайда Ахмет ауылына дейінгі 1,2 млрд теңгенің жолы әлі салынбаған
фото: tobyl-torgai.kz

Былтыр сол жолдың 30 шақырымына асфальт төселген. Алайда биыл облыс басшылары асфальт салудан бас тартып, 50 шақырымға құм аралас қиыршық тас төгетін болды.

Екі жылға есептелген жобаның құны – 1 млрд 205 млн теңге. Биыл соның 712 млн теңгесі игеріліп, 30 шақырым жол тегістелуге тиіс еді. Олай болмады. Әлі 1 метр де жол жөнделмеген. Себебі жазда жарияланған тендерге ешкім қатыспапты.

Ал тендерді қазан айында ұтып алған қарағандылық мердігер сөзбұйдаға салып, жұмысты әлі бастамай отыр.

Биыл олар арғы жағынан бастап, 4 шақырым грейдер көтеруі керектұғын. Сосын 15 шақырымдай жерді тегістеп, тас төсеуі қажет еді. Бірақ әлі бастаған жоқ. Олардың келісімшарт жасалған соң 30 күн уақыты бар. Сондықтан сотқа бере алмай отырмыз. Қарашаның басында уақыты бітсе, біз оларды келісімді бұзу үшін сотқа береміз, - дейді Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары Айдаралы Талпақов.