Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Шу қаласында полиция көлігі қаққан әйел қаза тапты

Куәгерлердің айтуынша, қызметтік көліктің жүргізушісі мас болған, әрі өзінің құзырлы орында жұмыс істейтінін жасыру үшін көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп әкеткен...

Шу қаласында полиция көлігі қаққан әйел қаза тапты
фото: inform.kz

Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік көлігімен адам қақты. 48 жастағы әйел алған жарақатынан сол жерде жан тапсырған, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай кеше түнде Шу қаласының вокзалы маңында болыпты. Рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан әйелді 25 жастағы аудандық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі қаққан. Куәгерлердің айтуынша, қызметтік көліктің жүргізушісі мас болған, әрі өзінің құзырлы орында жұмыс істейтінін жасыру үшін көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп әкеткен.

Алайда Полиция департаменді бұл мәліметті жоққа шығарды. Олар қараңғы көшеде жолға атып шықан кісіні аға лейтенант абайсызда қақты деп отыр. Қазір бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Қазір полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәкес, 25 жастағы полицейдің ішімдік ішпегені және есірткі заттарын тұтынбағаны анықталды. Қазіргі таңда жан-жақты тергеп-тексеру амалдары басталды", - деді Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.