Ал төрағаның орынбасарлары ретінде депутат Балайым Кесебаева және Павел Казанцев бекітілді.
Бүгін Парламенттің жаңа депутаттары ант қабылдап, Мәжіліс төрағасын бекітті, деп хабарлады paryz.kz.
Сонымен, Парламент Мәжілісінің төрағасы болып Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин қайта бекітілді.
"Елбасы Нұрлан Нығматулинді VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің төрағасы қызметіне ұсынды. Біз де депутаттар болып, бұл шешімді қолдадық", - дейді жаңадан келген депутаттар.
Оларға Нығматулиннің өзі осы жоғарғы лауазымдық қызметке сайлағандары үшін алғыс білдірді.
"Әсіресе, елбасы мен мемлекет басшысының маған артқан үмітін ақтауға бар күшімді салатын боламын", - деді ол.
Ал төрағаның орынбасарлары ретінде депутат Балайым Кесебаева және Павел Казанцев бекітілді.