Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Перуашев партияның "мас депутатына" қатысты түсініктеме берді (ВИДЕО)

"Жұмыстарыңызда той болды ма? Сізден ішімдіктің иісі шығып тұр. Сіз депутатсыз ғой, иә?", - дейді әйелдердің бірі...

Перуашев партияның "мас депутатына" қатысты түсініктеме берді (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Желіге "мас" депутаттың видеосы тарап, оған "Ақ жол" партиясының өкілдері пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған видеоға қазіргі Мәжіліс депутаты, "Ақжол" партиясының мүшесі Қазыбек Иса түсірілген.

"Мас Қазыбек Иса. "Ақ жол" партиясынан жаңа депутат. Бірінші жұмыс күні ішуден басталды. Міне, Үкімет! Міне, Парламент! Бүгін депутаттар Хилтон қонақүйіне орналастырылды. Бюджеттен 28 миллион теңге бөлінді", - делінген видео сипаттамасында.

Видеоға қарағанда, әйелдер депутатпен әңгімелескен.

"Сіздің есіміңіз кім? Жұмыстан келе жатырсыздар ма?" - деп сұрайды әйелдер.

"Иә, жұмыстан", - деп жауап береді ер адам.

"Жұмыстарыңызда той болды ма? Сізден ішімдіктің иісі шығып тұр. Сіз депутатсыз ғой, иә?", - дейді әйелдердің бірі.

Сосын Қазыбек Иса видеода ертең ғана депутат болатынын айтты.

"Сіз мандат алдыңыз ба, жоқ па?", - деп тағы сұрайды әйелдердің бірі.

"Мұны халық шешеді..." - деп жауап берді депутат.

Кейін ғимарат қызметкерлері оны алып кетуге асығады. "Ақжол" партиясының төрағасы Азат Перуашев әріптесі түсіп қалған видеоға қатысты пікір білдірді.

"Бүгін таңертең әріптесіміз Қазыбек Исамен видео жөнінде фракция мәжілісі өтті. Қазыбек видеодағы жағдайын соңғы күндері қатты шаршағанымен, қан қысымы 200-ге дейін жоғарылауымен, сондай-ақ омыртқа жарығы салдарынан ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдауымен түсіндірді. Ол растайтын медициналық құжаттарды ұсынатынын айтты. Комиссия төрағасына (А. Линник) жағдайды мұқият зерттеп, өз қорытындысын шығаруды тапсырдым", - деді Перуашев.

Сондай-ақ, партия төрағасы одан партиялық комиссияға түсініктеме дайындауды талап еткенін айтты. Ал Тоқаев бүгін ғана "Мәжіліс пен мәслихатқа тәртіпті адамдар келді" деген болатын...

Еске сала кетсек, мұның алдында "Ақ жол" партиясынан 12 адамнан тұратын тізім жарияланып, оларды Мәжіліс депутаттары ретінде тіркеу ұсынылған еді.