Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Халық сенген біраз жан шетке ысырылып қалды" - Ерлан Шаяхметұлы

"Төрді жылтыр иек көсе коммунистер жайлады. Өз жан тыныштығын өзге ұлт өкілдеріне басымдық беру арқылы түгендеу алға шықты. Қазақ мұндайға "сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды" деп анықтама берген..."

"Халық сенген біраз жан шетке ысырылып қалды" - Ерлан Шаяхметұлы
фото: nurotan.kz

Қоғам белсендісі Ерлан Шаяхметұлы желіде "Елімізде билікқұмарлық, таққа таластық дерті мүлде асқынды. Емі жоқ" деген пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Төрді жылтыр иек көсе коммунистер жайлады. Өз жан тыныштығын өзге ұлт өкілдеріне басымдық беру арқылы түгендеу алға шықты. Қазақ мұндайға "сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды" деп анықтама берген.
Ұлт қамын ойлайтын, халық сенім артқан біраз жандар жолдың шетіне сырылып қалды. Бұл - зұлмат" деп жазды пост авторы.

Сондай-ақ ол "Нұр Отанның" бұл әділетсіздігі тек халықтың ғана емес, сол партияның мүшелерінің де партиядан мүлде күдер үзуіне әкелгенін айтады.

"Сөйтіп, партия өзінің іштей іріп-шіруі кезеңінің соңғы этапына аяқ басты", - дейді Ерлан Шаяхметұлы.