Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Астанада 30 жүргізуші мешіт маңына көлігін қойғаны үшін нөмірінен айырылды

Астанада «Әзірет Сұлтан» мешіті маңындағы аялдамаға автобустардың тоқтауына кедергі келтірмеу мақсатында көліктерді тұраққа қоюға тыйым салынған болатын. Тыйымды елемеген жүргізушілер көлік нөмірлерінен айырылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада 30 жүргізуші мешіт маңына көлігін қойғаны үшін нөмірінен айырылды
Фото: inform. kz

CTS компаниясының көліктік бақылау департаменті Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп 15 тамыздан бастап рейд өткізіп жатыр.

Тәуелсіздік даңғылында Ахмет Байтұрсынов көшесі бағытында орналасқан аялдамада автобустан басқа көлік құралдары үшін «Аялдама, тұраққа тыйым салынады» жол белгісі бар. Белгіні елемейтін жүргізушілер жеке және қызметтік көліктерін жол бойында қалдырып кетеді. Бұл өз кезегінде қоғамдық көліктің қозғалысын қиындатады. «Бірлескен жұмыс барысында 80 көлік иесімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді, 50 адамға әкімшілік хаттамалар толтырылды, сондай-ақ 30 автомашинадан мемлекеттік нөмірлері алынды», - делінген хабарламада.