Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Алматы облысында медбикені өлтірген күдікті ұсталды

Алматы облысының Қарасай ауданында медбикенің өліміне күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz. 

Алматы облысында медбикені өлтірген күдікті ұсталды
Фото: inform. kz

«7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысында сұғылып-кесілген жарақаттары бар 45 жастағы әйел түскенін, кейін ол алған жарақаты салдарынан қаза болғанын хабарлаймыз.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді.

Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары күдікті – Кошмамбет ауылының 42 жастағы тұрғынының жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде «ізін суытпай» ұстады.

Аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады полициядан.

Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалған.

«Ұсталған ер адамның айтуынша, болған оқиға жеке қарым-қатынасқа байланысты және оның әйелдің кәсіби қызметіне қатысы жоқ.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген мәліметте.