Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қазақстан Үкіметі құрамының қашан ауысатыны белгілі болды

"Алдағы парламенттік және жергілікті сайлау елдің саяси кезеңін ашып, саяси процесстерді жеделдетеді..." 

Қазақстан Үкіметі құрамының қашан ауысатыны белгілі болды
фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова Қазақстандағы сайлау алдындағы күн тәртібін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлады paryz.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

"Алдағы парламенттік және жергілікті сайлау елдің саяси кезеңін ашып, саяси процесстерді жеделдетеді. ҚР Парламенті Мәжілісінің 7-шақырылымы жұмысқа кіріспес бұрын Үкімет ауысады. Жаңартылған Парламент алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аңдатпа жасаған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды өткізу үшін заңнамалық базаны құру міндеті тұр", - деді ол. 

Айта кетейік, дөңгелек үстел барысында сарапшылар алдағы парламенттік сайлауды қоғамдық-саяси өмірді жаңғырту тұрғысынан талқылап, сайлау процесінің конституциялық негіздерін қарастырды.