Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Федоровтың НОДы - нағыз эксремистік ұйым!": Мұхтар Тайжан билікке талап қойды

"Қазақстандық армия дайындалу керек. Солтүстік шекарамызды күшейткені жөн. Бейжай отыруға болмайды", - дейді ол...

Анау Федоровтың НОДы - нағыз эксремистік ұйым. Қазақстан билігі оған ресми түрде тыйым салу керек. Ал Федоровтың үстіне...

Опубликовано Мұхтаром Тайжаном Суббота, 2 января 2021 г.
"Федоровтың НОДы - нағыз эксремистік ұйым!": Мұхтар Тайжан билікке талап қойды
фото: youtube.com

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан ресейлік шовинист депутат Евгений Федоров басқаратын Ресейдің Ұлт-азаттық қозғалысына тағы да шүйлікті. Бұл жолы ол Facebook-тегі парақшасында Нұр-Сұлтандағы ҚР ҰҚК-нің дәл қасында орналасқан ұйымды "экстремистік" деп атады, деп жазды paryz.kz.

"Анау Федоровтың НОДы - нағыз эксремистік ұйым. Қазақстан билігі оған ресми түрде тыйым салу керек. Ал Федоровтың үстінен қылмыстық іс ашуы қажет. Нақты әрекеттер сол болады. Қазақстандық армия дайындалу керек. Солтүстік шекарамызды күшейткені жөн. Бейжай отыруға болмайды", - дейді Мұхтар Тайжан.

Осы орайда, Балтаберген Мусиев атты азамат: "Бізге дайын болу керек. Дұрыс айтасыз. Олар қол жинап жатыр. Ең жаманы, осы біз үшін және бұны ашық жариялап отыр. Ал Рессей Үкіметі үнсіз, солар жағында екені даусыз", - деген күдігін жеткізді.

Түсіпхан Түсіпбеков деген желі қолданушы да:

"Біз неге осындай экстремистік, шовинистік, сепаратистік пиғылдағы ұйымдарды төрімізге шығарып, құтыртып қоямыз?! Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайдай қарап отыр? Төрге шығарып, оларға "лəпбай, тақсыр" деп иіліп, илігіп, көрсоқырлық танытып жатсақ, жерімізге, тəуелсіздігімізге көз алартқаннан басқа не істеуі мүмкін? Іштен ірітіп-шірітетініне ешқандай күмəн жоқ! Бүйтіп алаңсыз "бəрі жақсы, бəрі керемет" деп "жыртылып", мақтанып-масаттанып жүре берсек, опық жейміз, барымыздан айырыламыз!" - деп шырылдады.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақты "менсінбеген" Федоровтың саяси ұйымы ҚР ҰҚК-нің "қолтығы астында" тұр

"Хабар" Ресейдің саясатын жүргізіп жатыр ма?": Никоновты "ақтаған" бағдарлама дау тудырды

Сондай-ақ, Абылай Ермекбаев: "Қазақтың баласы сөйлесе экстремист болып, сотталып кетеді. Мыналардікі не құтыру? Үкімет неге үндемейді?" - десе, Kz Temir Kz Temir лақап атты азамат: "Бізде осы кезге дейін мемлекет болмаған" деген сөз үлкен саяси қателік болды. Айтылған сөз – атылған оқ болып, ізін ала Путин де іліп алып айта қойды. Федоров та "өздерің айтқансыңдар" деп тұр ғой..." - деп Назарбаевтың кезіндегі бір ауыз сөзін алға тартты.