Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Юрий Ильинге елден шығуға шектеу қойылды ма

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өртке қатысты тергеу туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Юрий Ильинге елден шығуға шектеу қойылды ма

Кулуарда Бас прокурордың орынбасарына «Тергеуге байланысты Экс-төтенше жағдай министрі Юрий Ильинге Қазақстаннан шықпау туралы шектеу қойылды ма?» деген сұрақ жолданды.

«Жоқ, Қазір бұл қылмыстық іс бойынша ешкімнің іс әрекеті сараланған жоқ. Тергеудің басталғанына шамалы ғана күн өтті. Сондықтан мұнда сіз айтқан лауазым иесі де және басқа да лауазым иелеріне әлі қылмыстық іс бойынша статус жоқ. Олардың іс әрекеті сараланбады», - деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Сонымен қатар, Жандос Өмірәлиев атағандай, тиісті тергеу тобы барлық шараларды қолданып жатыр.

Айта кетейік, Абай облысындағы алапат өрттің нәтижесінде 15 адам қаза тапты.