Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Экс-министр Юрий Ильинге тексеріс жүргізіледі

Абай облысындағы орман өртіне байланысты Төтенше жағдайлар министрінің бұрынғы басшысы Юрий Ильинге тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Экс-министр Юрий Ильинге тексеріс жүргізіледі
Фото: inform. kz

"Мемлекет басшысы Бас прокурорға тапсырма берді. Оның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт дерегі дегеніміз төтенше жағдай, адамдар қаза тапты. Сол себептен қылмыстық іс аясында тексеру болады. Қажетті шараларды дер уақытында неге қабылдамады? Немқұрайлылық па, әлде қызметтік міндеттерін тиіс орындамау ма", - деді ведомство басшысы.

Марат Ахметжанов "Семей орманы" резерватындағы өртке қатысты істі арнайы прокурорлардың өндіріске қабылдағанын атап өтті. 

"Бұл топта Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері бар, тергеу нәтижелерін көрейік. Өрттің шығуына қасақана өрт қою, немқұрайлылық, найзағай түсу себеп болуы мүмкін деген нұсқа бар. Сараптамалар мен іздестіру іс-шаралары жүргізілетін болады", - деп жауап берді ол.

ІІМ басшысы тергеуге 2 ай уақыт берілгенін атап өтті.