Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Тоқаев Лукашенконың Қазақстан туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Александр Лукашенконың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews сайтына сілтеме жасап. 

Тоқаев Лукашенконың Қазақстан туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
Фото: tengrinews.kz

"Жақында Беларусь Республикасының президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Мен әзілін бағаладым. Менің ойымша, бұған қажеттілік жоқ, өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, ең алдымен Еуразиялық экономикалық одақ бар.

Ядролық қаруға келетін болсақ, ол бізге қажет емес, өйткені біз Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және Ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісімге қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша өз міндеттемелерімізге берік боламыз".