Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Алматыда спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

Алматыда спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотталды, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотталды
фото: tengrinews.kz

Медеу аудандық №2 соты Алматы қаласы спорт басқармасының экс-басшысы Рүстем Байсейітов пен оның қарамағындағыларға үкім шығарды. Оларға 367 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылды.

Сот үкімімен Рүстем Байсейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан және 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

  • Алматы қаласы Спорт басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің бұрынғы басшысы Әйгерім Байғонова 3 жыл 6 айға,
  • "Қазақстан Гольф Федерациясы" РҚБ-ның спорт менеджері Әлия Смақова 3 жылға,
  • Qazaq Sport ЖШС директоры Ержан Мұхаманов 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, осы жылдың қаңтарында Антикор Алматы қаласы спорт басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты 367 миллион теңге жымқыру дерегі бойынша соталды тергеудің аяқталғанын хабарлаған.

Басты күдіктілердің бірі - Алматы қалалық спорт басқармасының экс-басшысы Рүстем Байсейітов. Ол пандемия кезеңінде (2020-2021 жж.) қарамағындағы қызметкерлерімен коронавирус инфекциясына байланысты бақылау мен шектеулердің баяулағанын пайдаланып, ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына ақша аударғаны анықталды.

Алайда Спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотта өз кінәсін толық мойындамайтынын айтты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.