Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шөкеев Арыста ешкінің терісінен тігілген аяқ киім сатып алды

Бір қызығы, аяқ киімдерді сауда үйінің бұрышында орналасқан шыны қалқанның ар жағында таза былғары мен теріден тігеді», - дейді әкімнің орынбасары.

Шөкеев Арыста ешкінің терісінен тігілген аяқ киім сатып алды
фото: ТО әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев атқарылған жұмыстардың барысымен танысу үшін Арыс қаласында болды, деп хабарлады paryz.kz.

Жұмыс сапары барысында әкім "Арай" аяқ киім тігу цехының жұмысымен танысып, немересіне ешкінің терісінен тігілген етік сатып алған. Бұл туралы әкімнің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды.

"...Өмірзақ Естайұлы немересіне цигейкадан (ешкі терісі) тігілген етік сатып алды. Балалар аяқ киімінің бағасы небәрі 10-13 мың теңге аралығында екен. Бір қызығы, аяқ киімдерді сауда үйінің бұрышында орналасқан шыны қалқанның ар жағында таза былғары мен теріден тігеді. Отбасылық бизнес жылына 5 мың дана аяқ киім шығарады", - деді ол.

Әкім орынбасарының айтуынша, былтыр Арыстағы жарылыстан кейін кәсіпкерге берілген 5 миллион теңгеге ғимаратты жаңартуға мүмкіндік туған. Қазақстанның барлық аймағымен байланыс орнатқан цех иесі бірнеше партия тауарды алдын ала сатқан. Қазір ұлына өзінің өмірлік тәжірибесін үйреткен әкесі Түркістан қаласынан да цех пен дүкен ашуға ниетті екен.