Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Ерлан Қаринге коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салынды

"Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңіне 3 мың ерікті қатысады", - делінген ведомство хабарламасында.

 

Ерлан Қаринге коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салынды
фото: дереккөз

Президент көмекшісіне сынақтың соңғы сатысынан өтіп жатқан қазақстандық QAZCOVID-IN вакцинасы егілді. Бұл туралы БҒМ Ғылым комитеті хабарлады, деп жазды paryz.kz.

19 желтоқсанда БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ ғалымдары әзірлеген QAZCOVID-IN қазақстандық инактивтендірілген вакцинаға клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі басталды.

Тағы оқи отырыңыз: Боқаев екпе алдымен депутаттарға жасалса, шығынын өз мойнына алмақ

"244 қазақстандық қатысқан клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші фазаларының нәтижелері көрсеткендей, вакцина қауіпсіз, антиденелер қалыптастырады, жасушалық және гуморальдық иммунитетті индукциялайды. Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңіне 3 мың ерікті қатысады", - делінген ведомство хабарламасында.