Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Арабтарға елорданың қақ ортасынан не үшін жер берілмек?

"Қазақстан мен БАӘ арасындағы дипломатиялық қатынастарды дамыту үшін маңызды", - дейді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Арабтарға елорданың қақ ортасынан не үшін жер берілмек?
Фото: ашық дереккөз

Сенат Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қажеттіліктеріне Нұр-Сұлтан және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлады paryz.kz, СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2017 жылғы 15 қаңтарда Абу-Даби қаласында жасалған осы келісімді ратификациялау екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру және Қазақстан мен БАӘ арасындағы дипломатиялық қатынастарды дамыту үшін маңызды", - дейді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Сонымен қатар, аталған келісімде жер пайдаланудың, жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес оларға берілетін жер учаскелерінде елшіліктердің ғимараттары мен құрылыстарын салудың шарттары, тәртібі айтылады. Бұдан өзге, екі тарап бір-біріне коммуналдық құрылыстарға барлық қажетті қосылуларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға көмек көрсетеді.

"Осы келісімнің 1-бабына сәйкес, Әмірлік тарапқа Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік пен Рақымжан Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан ауданы 26 147 шаршы метр жер учаскесі бөлінген, ал Қазақстан тарапына Әбу-Дабидің дипломатиялық корпусында орналасқан ауданы 11 148 шаршы метр жер учаскесі беріледі. Онда да 49 жыл мерзімге ақысыз пайдалануға рұқсат етілді. Кейіннен оны осындай мерзімге тағы ұзарту мүмкіндігі бар", - дейді министр.