Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Сәбит Досановқа Қонаев "дос болайықшы" деп жалынған екен..." - журналист

"Путиннің Қырымды аннексиялап, Донбасты қанға бояп жатқанына риза болған бір композитордың Путин туралы әнін Назарбаевқа ретін тауып жеткізгенін неге айтпаған деп таңғалып отырмын", - дейді әріптесіміз.

"Қазақ әдебиеті" газеті "Сәбит Досанов. Назарбаев: «Сенен асып қайда барам?» – деді" деген сұқбат жариялапты. Нағыз...

Опубликовано Асылханом Мамашұлы Понедельник, 21 декабря 2020 г.
"Сәбит Досановқа Қонаев "дос болайықшы" деп жалынған екен..." - журналист
фото: ашық дереккөз

Жазушы, Назарбаевтың кенже қызын келін еткен құдасы Сәбит Досанов "Қазақ әдебиеті" газетіне көлдей сұхбат беріпті. Бастан-аяқ өзін мақтай берген. Айтқанына сенсеңіз, Дінмұхамед Қонаевқа да, Нұрсұлтан Назарбаевқа да Досановсыз "ас батпаған" көрінеді. Ол туралы белгілі журналист Асылхан Мамашұлы Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Қазақ әдебиеті" газеті "Сәбит Досанов. Назарбаев: "Сенен асып қайда барам?" - деді" деген сұқбат жариялапты. Нағыз отвратительный сұқбат. Толыспаған Толстойлардың, даңғой, жағымпаз, жарамсақ жазушылардың шынайы бейнесі ашылыпты. Досанов 6 рет мемлекеттік сыйлықты алмай, өзгеге жол берген екен. Қонаев "Дос болайықшы" деп жалынған екен. Назарбаев әрдайым Сәбит Досановты ойлап жүреді екен. Назарбаевпен құда екен, есігін почти теуіп кіреді екен. Путиннің Қырымды аннексиялап, Донбасты қанға бояп жатқанына риза болған бір композитордың Путин туралы әнін Назарбаевқа ретін тауып жеткізгенін неге айтпаған деп таңғалып отырмын.

"Қазақ әдебиеті" 2000 жылдары "Ғасыр халтурщигі кім?" деген сұрақ қойып, нөмір сайын жұрттың жауабын жариялап, біраз дау шыққан еді. Бұл кісі сондағы кейіпкер емес пе?

Бір жазушың әйеліңді саба дейді, енді бірі бірінші басшының қабылдауы - ең үлкен арман дейді. Жолдастар, нені насихаттап отырсыңдар?" - дейді Асылхан Мамашұлы.

Бұл ретте, "әйеліңді саба" деп отырғаны – Несіпбек Дәутайұлы. Ол да сол "Қазақ әдебиеті" газетіне:

"Біз ұлттық жолға оралуымыз керек. Бұрын қалай істеді? Ертең ерте шәйға тұрғанда әйел адам жеңілдеу шапанды жамылып келіп отырған. Ері қамшыны алған да тартып жіберген. Қатты ұрмайды ғой енді. Бір-ақ нәрсені ескерген. Әйелдің екі иығында отыратын нәрселері болады. Соны сескендіріп отырады. Еркек бар деген ым!" - деп сұхбат берген.

Қазақ жазушыларының Мемлекеттік сыйлықты алғаны мен алмағанының әдебиет газетінің бетінде бар айтқандары осы-ақ. 80-жылдардағы деңгей қандай еді, ә?..