Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ауылдық ауруханаға басып кірген төрт ер адам ұсталды

Полицейлер Шелек ауылындағы ауруханаға басып кірген төрт ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ауылдық ауруханаға басып кірген төрт ер адам ұсталды
Фото: видеодан скриншот

Полицияның мәліметінше, 21 наурызда сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Шелек ауылының ауруханасынан 1986 жылғы А. есімді азаматтың дене жарақаттарымен хирургиялық бөлімге жеткізілгені туралы хабарлама түскен.

Сол күні Шелек ауылы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық істі тіркеді.

"Тергеу барысында зардап шеккен адам мен 1988 жылғы И. есімді азамат арасында Наурыз мерекесі өткен ауылдың шетінде жанжалдасып, кейін төбелескен, соңғысы денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген затты пайдаланып, А. есімді азаматқа денесін жарақаттаған", - делінген хабарламада.

21 наурыз күні азамат А. емделіп жатқан медициналық мекемеге 1990, 1994, 1996 және 1997 жылғы төрт адам басып кірген, олардың бұл заңсыз әрекеті видеоға түсірілген.

Жоғарыда аталған адамдар мен қылмыстың негізгі фигуранты ұсталып, қамаққа алынды. Қазір жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу органы істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.