Мәжілістегі жеті комитеттің төрағалары сайланды. Асхат Аймағамбетов мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды.
- Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетті Серік Егізбаев басқарды.
- Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы – Снежанна Имашева;
- Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы – Айгүл Құспан;
- Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы – Мәди Такиев;
- Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы – Еділ Жаңбыршин;
- Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетін Нұртай Сабильянов басқарады.
Айта кетейік, Ерлан Қошанов сегізінші шақырылымдағы Мәжіліс төрағасы болды.
Альберт Рау, Дания Еспабаева Мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланды