Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Еңбегі зор елбасыға неге ескерткіш қоймасқа?" - Бауыржан Байбек (ВИДЕО)

"Шетелдік саясаткерлер "бұл қазақтың жері емес, мұны сыйладық" деп айтып жүр. Елбасының еңбегінің арқасында 14 мың шақырым жер толық бекітілген. Бізде ешқандай мәселе жоқ", - дейді ол.

"Еңбегі зор елбасыға неге ескерткіш қоймасқа?" - Бауыржан Байбек (ВИДЕО)
фото: Nur Otan баспасөз қызметі

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек журналист Нартай Аралбайұлының YouTube арнасына берген сұхбатында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатудың әбестігі жоқ екендігін айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Елбасының еңбегі өте зор. Қазір әртүрлі әңгімелер жүріп жатыр. Шетелдік саясаткерлер "бұл қазақтың жері емес, мұны сыйладық" деп айтып жүр. Елбасының еңбегінің арқасында 14 мың шақырым жер толық бекітілген. Бізде ешқандай мәселе жоқ. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 60-қа жуық мемлекет әлі де өзінің шекаралық проблемаларын шешкен жоқ. Тек Қазақстан мен Түркіменстан шекара мәселесін толық шешті. Сондықтан Елбасының, аға буынның еңбегі өте зор. Неге ескерткіш қоймасқа? Мысалы, Американың негізін қалаушылардың ескерткіші бар. Вашингтон әуежайы бар... Елбасыға арнап Түркі әлемінің көсемі ретінде Түркияның Анкара қаласында ескерткіш орнатқан", - деді ол.

Тағы оқи отырыңыз: Базардағы әйелдер Байбекке "береміз, береміз" деп шу ете қалды (ВИДЕО)