Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ресейде жаппай әскерге шақыру басталып кетті

Ресей билігі әскерге жаппай шақыруды бастап кетті. Әскери комиссариаттарға шақыру қағаздарының көбеюі елді дүрліктірді. Әсіресе Воронеж, Липецк және Пенза тұрғындары жігіттерге жаппай шақырту қағаздарының келе бестауы Украинаға соғысына әкетумен байланыстырады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ресейде жаппай әскерге шақыру басталып кетті
Фото: ТАСС

BBC агенттігінің хабарлауынша, билік те әскери комиссариаттарға ерлердің қайта келуі туралы шақыртуды растап отыр. Бірақ бұл жолғы әрекеттерін Украинадағы соғысқа жұмылдырудың екінші кезеңіне дайындықтың белгісі деп санамауды сұрады.

Воронеж облысының Үкіметі аймақтық деңгейде әскери комиссариатқа шақыру қағаздарын жаппай таратуды бірінші болып бастаған. Ал кеше тізім тағы екі аймақпен – Липецк және Пенза облыстарымен толықтырылды. Липецк облысы Үкіметінің жеделхат арнасы мұны әскери комиссариаттардың мәліметтер базасын цифрландырумен түсіндірді. Өткен жылдың қыркүйегінде Ресей президенті Владимир Путин ішінара жұмылдыру жариялап, кейіннен билік жаппай мобилизация кезіндегі сәтсіздіктерді мойындады.

Қарашаның соңында Путин Ресейдің цифрлық даму министрлігі мен Федералды ішкі кірістер қызметіне Қорғаныс министрлігінің қатысуымен 2024 жылдың 1 сәуіріне дейін «әскери есеп құжаттарын жаңарту» үшін қажетті деректермен ресурс құруды тапсырды.

«База 2023 жылдың 1 сәуірінен –  көктемгі шақыру басталғаннан бастап іске қосылуы тиіс. Барлық әскери комиссариаттар әлі де есепке алынбайды», - деді құқық қорғаушы Павел Чиков Путиннің Жарлығына талдау жасап.