Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Нидерланды соты "Самұрық Қазынаға" қатысты шешім шығарды

"Қазақстан Республикасы өзінің инвестициялық ахуалын және көптеген заңды инвесторларын қорғауға бел буды", - делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

Нидерланды соты "Самұрық Қазынаға" қатысты шешім шығарды
Фото: ашық дереккөз

Нидерланды Жоғарғы Соты Анатол мен Габриэль Стати ісі шеңберінде KMG Kashagan B. V. компаниясында "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ акцияларын қамауға алу туралы санкцияны қайта қарау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады paryz.kz, gov.kz-ке сілтеме жасап.

Жарияланған мәлімдемеге сәйкес, өткен аптада Нидерландының Жоғарғы Соты Қазақстан мен Стати арасындағы дау аясында KMG Kashagan B. V. "Самұрық-Қазына" АҚ акцияларын қамауға алуға қатысты Амстердам апелляциялық сотының шешімін жойды.

Қамауға алу санкциясын алып тастау туралы шешім мемлекеттердің дикциялық иммунитеттері және олардың меншігі туралы БҰҰ Конвенциясының 19(с) бабына негізделген. Іс Гаага апелляциялық сотына қайта қарауға берілді.

"Нәтижесінде "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ-ның KMG Kashagan B. V. акцияларына тыйым салу заңдылығы Гаага апелляциялық сотымен қайта қаралатын болады. Қазақстан Республикасы Гаага апелляциялық соты қамауға алуды заңсыз деп санайтынына сенімді. Қазақстан Республикасы өзінің инвестициялық ахуалын және көптеген заңды инвесторларын қорғауға бел буды", - делінген Әділет министрлігінің хабарламасында.

Молдавиялық кәсіпкерлер Анатол мен Габриэль Стати 2010 жылы Қазақстанға қарсы сот ісін қозғады. Олар Швецияның арбитражында Қазақстаннан 4 миллиард доллар талап етті. Бірақ оларға 500 миллион доллар берілді. Оның 199 миллион доллары – Боранкөл газ өңдеу зауытын салу Стати шығындарымен байланысты қаражат.

Кейінірек, АҚШ-та жеке сот рәсімі арқылы алынған құжаттардың арқасында Қазақстанда Статидің талаптары ірі алаяқтыққа негізделгені туралы дәлелдер пайда болды. Қазір бірнеше елде сот процестері жалғасып жатыр.