Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда халыққа көмек көрсететін 380-нен астам пункт құрылды

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті зілзала болған жағдайда қалада баспанасыз қалған – зардап шеккен халықты қабылдайтын 384 пункт орналастырылатынын айтты. Онда зардап шеккен халықты қажетті заттармен (су, тамақ, азық-түлік) қамтамасыз етуге, көлікке отырғызуға және қауіпсіз аудандарға эвакуациялау қарастырылады.

Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда халыққа көмек көрсететін 380-нен астам пункт құрылды
фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Зардап шеккен халықты қабылдау пункттері туралы толық ақпарат 2ГИС картасында, Алматы ТЖД мен әкімдіктің ресми сайттарында орналастырылған, ол үшін іздеу жүйесіне «зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» қосымшасындағы іздеу жүйесіне енгізу қажет.

Сенат депутаттарына Алматыда өткізілетін тұрақты сейсмикалық жаттығулар туралы айтылды: қала ұйымдарында 3,5 мыңнан астам сейсмикалық жаттығу өткізілген, жалпы қалалық сейсмикалық жаттығуларға 600-ден астам нысан және Алматының 760 мың тұрғыны қатысты. Сонымен қатар, қаланың жарты миллионнан астам халқы каскадты әдіспен оқытылды. Олардың мақсаты – қала тұрғындарын төтенше жағдайларда қорғау тәсілдеріне үйрету.

Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Алан Әлібеков қалада төтенше жағдай қаупі туралы халықты хабардар ететін 843 сирена және сирено-сөйлеу қондырғылары (қамту аймағы – 100%) жұмыс істейтіні туралы айтты. Сонымен қатар хабарландыруға 671 телеарна мен 24 «Медиа сервер» радиоарнасы тартылады.

Жойқын жер сілкінісі болған жағдайда оның салдарын жоюға дайын 13 371 адамнан тұратын күштер мен құралдардың арнайы тобы, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы 4 060 бірлік техника көзделген. Алматыда ауқымды жер сілкінісін жоюға қосымша еліміздің 16 өңірінің және 5 орталық мемлекеттік органның күштері мен құралдары үш эшелонмен келмек.