Украина Президенті Владимир Зеленский өз еліне көрсетілген гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс айтты.
«Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Біз халықаралық алаңда ықпалдастық мәселесін талқыладық.
Сондай-ақ мен Украинаға гуманитарлық көмек үшін Қазақстанға алғыс білдірдім», - деп жазды Владимир Зеленский Telegram-дағы жеке каналында.