Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Президентке тағы да бір өкілеттік берілмек

Бұл заң жобасының мақсаты - әкімшілік-аумақтық құрылым саласындағы заңнаманы жетілдіру.

Президентке тағы да бір өкілеттік берілмек
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады paryz.kz, akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған заңға сәйкес, президентке үкіметтің ұсынысы бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірлерін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды басқа елді мекендерге айналдыру туралы шешім қабылдауда жаңа өкілеттіктерге ие болады.

Бұл заң жобасының мақсаты - әкімшілік-аумақтық құрылым саласындағы заңнаманы жетілдіру.