Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Назарбаев қатысқан "Жас Отан"-ның съезіне журналистерді неге кіргізбеді?..

"Нұр Отан" ғимаратының үстінде екі адам бинокльмен маңайды бақылап тұрыпты.

Назарбаев қатысқан "Жас Отан"-ның съезіне журналистерді неге кіргізбеді?..
фото: elbasy.kz

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы "Нұр Отан" ғимаратында партияның жастарға арналған "Жас Отан" съезі өтті. Оған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты деп хабарлады paryz.kz, "Азаттық" радиосына сілтеме жасап.

"Нұр Отан" ғимаратының алдында мемлекеттік күзет қызметкерлері, полиция, арнайы жасақ өкілдері жүрді. Мемлекеттік күзет өкілдері ғимарат маңын түсірейін деп жатқан Азаттық тілшілеріне "камераға түсірсеңіздер әкімшілік жазаға тартамыз" деп, ғимарат маңынан жүргізбеген. Әрі-бері өтіп жатқан адамдарға да бұл жақты "айналып өту қажеттігін" айтып, ескерткен. "Нұр Отан" ғимаратының үстінде екі адам бинокльмен маңайды бақылап тұрыпты.

"Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі жиынға ақпарат құралдарын не себепті кіргізбегенін түсіндірмеген. Жиыннан тікелей трансляция болмайтынын, түстен кейін видео тарататынын айтқан. Елбасы кеңсесінің баспасөз қызметі де жауап бермепті.

"Нұр Отан" - Қазақстанды 30 жылға жуық басқарып, 2019 жылы наурызда отставкаға кетсе де, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде саяси ықпалын сақтап қалған Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын партия.

"Нұр Отан" қазіргі мәжілістегі (парламенттің төменгі палатасы) 107 мандаттың 84-ін алып отыр. 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін мәжіліс сайлауына 126 кандидат ұсынған.