Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қызылорда облысының экс-әкімі 7 жылға сотталып кетті

Қызылорда облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары "Сыр мейірімі" қоғамдық-әлеуметтік қорына тиесілі 80 миллион теңге (190 мың доллар) көлеміндегі қаражатты жымқырды деп айыпталды.

Қызылорда облысының экс-әкімі 7 жылға сотталып кетті
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда қалалық №2 сотында Қуанышбек Ысқақовқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады paryz.kz, azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Сот шешімімен экс-әкімді 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. Сондай-ақ, Қуанышбек Ысқақов мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Осыған дейін прокурор Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Оған қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасады деген айып тағылды. Ал оның екі орынбасары мен екі кәсіпкер бұл қылмысты жасауға көмектесуші ретінде күдікке іліккен. Прокуратура екі орынбасардың әрқайсына 7 жыл, кәсіпкерлердің әрқайсына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Қызылорда облысы әкімдігінің лауазымды тұлғалары "Сыр мейірімі" қоғамдық-әлеуметтік қорына тиесілі 80 миллион теңге (190 мың доллар) көлеміндегі қаражатты жымқырды деп айыпталды. Экс-әкім мен оның орынбасарлары Марат Делмұханов пен Мұрат Имандосов былтыр көктемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған болатын.

Еске сала кетсек, биыл наурыздың 27 күні әлеуметтік желілерде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов қамауға алынды деген ақпарат тарады. Ал 28 наурыз күні қызметінен босатылды. Оның орнына өңір басшысы болып Гүлшара Әбдіхалықова тағайындалды.