Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

McDonald's Қазақстаннан біржола кететін болды

McDonald's жылдам тамақтану желісі Қазақстандағы қызметін тоқтатып, басқа атаумен жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды paryz.kz.

McDonald's Қазақстаннан біржола кететін болды
Фото: mcdonalds.kz

Food Solutions KZ ЖШС басқаратын McDonald's жылдам тамақтану бренді жұмысын тоқтатады.

«Оған себеп - ет жеткізудегі шектеулер. Жақын арада жаңа атаумен жылдам тамақтану мейрамханалары қайта ашылады. Ашылу мерзімі қосымша жарияланады», - деп хабарлады McDonald's Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, компания жаңа желінің жұмысына қатысты барлық сауалға жауап берілетініне сендіріп отыр.

«Жаңадан ашылатын мейрамханалар желісі келушілерге жоғары сапалы өнімдер, бай мәзір ұсынып, қонақжайлық танытады. Жедел тамақтану орындары жұмысын жоғары стандарттарға, құндылықтар мен бизнес принциптеріне сәйкес жалғастырады», - делінген ресми хабарламада.