Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Полицейлер өтірікті әшкерелейтін "AQIQAT" құрылғысын пайдалана бастады (ВИДЕО)

Бүгінде оны қолдану арқылы 54 зерттеу жасалған.

Полицейлер өтірікті әшкерелейтін "AQIQAT" құрылғысын пайдалана бастады (ВИДЕО)

Павлодар қалалық полиция басқармасының оңтүстік бөлімінде алғашқы қазақстандық кәсіби компьютерленген "AQIQAT" полиграфы таныстырылды, деп хабарлады paryz.kz, polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Бүгінде тергеушілер "AQIQAT" полиграфының көмегімен тестілеу кезінде сыналатын адамның жағдайы туралы ақпарат алады және тестіленушінің сөзді шын немесе өтірік айтып жатқанын анықтап, оған қойылған сұрақтарға реакцияны бақылайды. Сонымен қатар, полиграфта сыналатын процеске қатысушылардың ауқымы кең: күдіктілер, айыпталушылар, куәгерлер, жәбірленушілер, талапкерлер", – деп түсіндірді облыстық Полиция департаментінің сарапшысы Юрий Духновский.

"AQIQAT" полиграфы арқылы алынған мәліметте назарға іліккен адамның психикалық және физиологиялық сараптамасы ескерілмек. Атап айтқанда, ол – жоғарғы және төменгі тыныс алу жүйесі, фотоплетизмограмма, терінің гальваникалық реакциясы, қозғалыс датчиктері, т.б.

Тәртіп сақшылары құрылғының қылмыстардың ашылуына көмектесіп жатқанына сендіреді. Бүгінде "AQIQAT" полиграфын қолдану арқылы 54 зерттеу жасалған.

"Тергеу кезінде күдіктілер барынша ақиқаттан ауытқып, қарсыласуы мүмкін. Міне, осы кезде тиісті бағдарлама оны байқауға септігін тигізеді", – дейді Юрий Духновский.