ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы қызметіне Асламбек Мерғалиев тағайындалды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Асламбек Мерғалиев 1972 жылдың 2 сәуірінде Павлодар облысы Ертіс ауданы Қарақұдық ауылында туған.
1999 жылы заңгер мамандығы бойынша Ыстанбұл мемлекеттік университетін бітірген.
Сот саласында 2001 жылдан бері қызмет істеп келеді.
- 2001-2003 ж.ж. - Павлодар облыстық сотының бас маманы;
- 2003-2007 ж.ж. - Павлодар қалалық сотының судьясы;
- 2007-2008 ж.ж. - Павлодар облысы Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы;
- 2008-2012 ж.ж. - Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының төрағасы;
- 2012 -2014 ж.ж. - Павлодар қалалық №2 сотының төрағасы;
- 2014 жылдың 17 маусымынан 2015 жылдың 18 желтоқсанына дейін - Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметін атқарған.
- 2015 жылдан 2020 жылға дейін Қостанай облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды.
- 2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап бүгінге дейін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып жұмыс істеген.