Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Құмар Ақсақалов Қостанай облысына әкім болды

Мемлекет басшысының жарлығымен Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті құжатқа бүгін Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Құмар Ақсақалов Қостанай облысына әкім болды
Фото: inform. kz

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қостанай қаласына барып, Қостанай облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты.

Әлихан Смайылов депутаттарға ҚР Президентінің облыс әкімі лауазымына Құмар Ақсақалов пен Аслан Жаныспаевтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.

Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 244 депутаттың 192-сі Қ.Ақсақаловтың кандидатурасына, 52 депутат А.Жаныспаевқа дауыс берді.