Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш агенттік басшыларын қайта тағайындады, - деп хабарлайды Paryz.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Марат Омаров Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын.
Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын.
Дархан Жазықбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.