Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Назарбаев Абу-Даби Плазаға "Қазақстан мұнарасы" деген атау берді (ВИДЕО)

"Біздің кең даламызда алыстан көрініп тұратын мұндай биік ғимарат жоқ", - деді ол.

Назарбаев Абу-Даби Плазаға "Қазақстан мұнарасы" деген атау берді (ВИДЕО)

Назарбаев Нұр-Сұлтандағы ең биік ғимарат "Абу-Даби Плазаны" Қазақстанның құрметіне атайтынын мәлімдеді.

Ол тұңғыш президент күні қарсаңында Qazaqstan телеарнасына сұхбат берген. Деректі фильм үзіндісінде Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азиядағы ең биік ғимарат мұнарасына жаңа атау келесі жылы берілетінін айтты.

"Ендігі жылы, Құдай бұйырса, Абу-Даби Плаза мұнарасын "Қазақстан" мұнарасы деп атаймын. Біздің кең даламызда алыстан көрініп тұратын мұндай биік ғимарат жоқ. "Мынау не? Бұл астана ғой, бұл "Қазақстан" мұнарасы" деп айтып жүретіндей болады", - деді елбасы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев елордада "өңірдегі ғана емес, дүниедегі ең үлкен мешіт" салынып жатқанын айтты.

"Бір жағынан діни мағынасы бар, екінші жағынан туристік мағынасы бар үлкен, әдемі, зәулім ғимарат пайда болады. Құдай бұйырса, алда әлі талай ойлар бар", - деді ол.