Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

«Әлемде мұндай ат жоқ»: Ұлықпан Жолдасов өзінің шын есімін жариялады

Әнші-композитордың айтуынша, мұндай есім әлі ешкімге қойылмаған, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

«Әлемде мұндай ат жоқ»: Ұлықпан Жолдасов өзінің шын есімін жариялады
Фото: ашық дереккөз

Ұлықпанның жеке куәлігіндегі есімі "Умиксат" деп жазылған екен. Әнші өзінің шын атын айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Оның сөзінше, орыстар "Ұлықпан" деген сөзді дұрыс түсінбей, куәлігіне қате жазып жіберген.

"Бұл орекеңдердің жасағаны ғой. Ұлықпан дегенді түсінбеген. Содан осылай қалды. Дүниежүзінде мұндай ат жоқ. Себебі бұл сөздің ешқандай мағынасы жоқ",
— дейді әнші-композитор.

Өнер жұлдызының шын есімін естіген желі қолданушылары таңданыстарын жасырмады.