Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Әділет министрі Қазақстанда оппозициялық партия жоқ екенін айтты

Бұған дейін министр "Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламенттегі оппозиция туралы бұйрығы саяси оппозиция туралы емес" деген болатын.

Әділет министрі Қазақстанда оппозициялық партия жоқ екенін айтты
фото: ratel.kz

"Қазақстанда оппозициялық партиялар жоқ", - деп сөзін бір-ақ қайырды бүгін Әділет министрі Марат Бекетаев.

"Мен Қазақстанда оппозициялық және оппозициялық емес партиялар жоқ деп санаймын. Саяси партиялар бар. Ал олар алдына қандай бағдарлама, қандай мақсаттар қойды, бұл – өз шешімдері. Кез келген партия – саяси. Ол өз бағдарламасын дербес анықтайды, өз көзқарасын өзі қалыптастырады", - деді Бекетаев брифингте.

Оның айтуынша, сайлауға кейін ресми жарияланған және бұрыннан бар партиялар қатысады.

Бұған дейін министр "Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламенттегі оппозиция туралы бұйрығы саяси оппозиция туралы емес" деген болатын.