Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салуға көмек беруге дайынбыз – Ердоған

Түркия Қазақстанға кеме жасау зауытын салуға көмектесуге дайын. Бұл туралы Ақордада өтіп жатқан Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-ші отырысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған айтты. 

Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салуға көмек беруге дайынбыз – Ердоған
Фото: ашық дереккөз

«Жаңа ғана өткен оңаша кездесуде қарым-қатынасымыздың барлық аспектісі, аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмастық. Ынтымақтастығымызды барлық салада одан ары нығайтуға келістік. Қазақстандағы инвестициямызды қомақты деңгейге көтеріп, 4,35 млрд долларға жеткіздік. Түркия басқа елдерге қарағанда тек энергетика саласына ғана мән беріп қоймай, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және жұмыспен қамтуды арттыруға көмектесіп отыр. Жұмыс орындарын ашуға көбірек үлес қосқысы келетін компанияларымызға қолдау білдіретіндігіңізге сенімдімін», - деді Түркия Президенті.

Түркия басшысы екі елдің сауда айналымын қысқа мерзімде 5 млрд долларға, ал ұзақ мерзімде 10 млрд долларға жеткізу мақсаты тұрғанын атап өтті.

Сонымен қатар ол былтыр 58 пайыздық өсіммен бастапқы меже еңсерілгенін, яғни сауда-саттық 5 млрд долларға жеткенін айтты.

«Қазақстанның Каспий теңізіндегі көлік флотын күшейту және түрлі ерекшеліктегі кемелерді шығару мақсатында кеме жасау зауытын салуға көмектесуге де дайынбыз», - деді Режеп Тайип Ердоған.