Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Атырауда электронды темекі тартқан оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды

Атырауда электронды темекі тартқан оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Атырауда электронды темекі тартқан оқушылардың ата-аналарына айыппұл салынды
фото: әлеуметтік желіден

Атырауда бірнеше күн бұрын әлеуметтік желі мен WhatsApp мессенджері арқылы электронды темекі тартқан жасөспірімдердің бейнежазбасы тарaған болатын. Бұл тұрғындар арасында түрлі қоғамдық пікір туғызды.

Кейін электронды темекі тартып, түтінін будақтатқан оқушылар анықталды. Олар – Атырау қаласындағы Ж. Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейдің оқушылары.

«Осыған байланысты облыстық білім басқармасының өкілдері, учаскелік және ювеналды полиция инспекторлары аталған білім ордасында оқушылармен кездесу өткізді. Оқушылар мен олардың заңды өкілдерінің (ата-аналарының) қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Видеода темекі тартқан оқушылардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналарға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 441-бабының 1-бөлігімен хаттама жасақталып, 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жасөспірімдердің мектептен тыс мінез-құлқының алдын алу және бақылауды күшейту мақсатында кешенді іс-шаралар қабылданып отыр. Оның ішінде кезектен тыс ата-аналар жиналысын өткізу бар.

«Мұғалімдер мен ата-аналардың кездесуінде оқушылар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, ата-аналардың балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы мәселелер көтеріледі. Мектептерге жақын орналасқан дүкендерде мониторинг жүргізетін комиссиялар өз жұмысын бастады. Мониторинг кезінде комиссия мүшелері дүкен иелеріне 21 жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі өнімдерін сатуға жол бермеу туралы түсіндіреді. Бұл бірлескен мониторингіні білім басқармасы, өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары жүргізеді», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда балалар тым көп жеп қойған энергетикалық қоспасы бар ұнтақ тексерілетінін жазған едік.