Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Менің президентім – Путин»: Петропавлдық екі қыздың желіде айтқан сөздерін ҰҚК назарға алды

Владимир Путинді өз президентім деп атаған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті айналысып жатыр, деп хабарлады paryz.kz ақпараттық агенттігі ҚазТаг сайтына сілтеме жасап.

«Менің президентім – Путин»: Петропавлдық екі қыздың желіде айтқан сөздерін ҰҚК назарға алды
фото: әлеуметтік желіден

Бұл ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК-не жіберілді, - делінген облыстық Полиция департаменті ұсынған ақпаратта.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Петропавлда тұратын 18-ге толмаған екі қыздың видеосы тараған.

Олар Петропавлды ежелден орыстың жері екенін айтады. Сондай-ақ қыздардан сайлауда кімге дауыс беретінін сұрағанда, олар Тоқаев үшін емес, Путин үшін дауыс беретіндерін жеткізген.

Сондай-ақ қыздардың бейнежазбада айтқан сөзінше, олардың достары - қазақстандықтар Ресей жағында Украинаға қарсы соғысып жатыр.