Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Токаев орыс тілін насихаттайтын халықаралық ұйым құруды ұсынды

Тоқаевтың ТМД аясында орыс тілін насихаттайтын халықаралық ұйым құру туралы ұсынысын ресейлік әріптесі Владимир Путин қолдады.

Токаев орыс тілін насихаттайтын халықаралық ұйым құруды ұсынды
Фото: ашық дереккөз

Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті өтіп жатыр. Кездесу Константинов сарайында ұйымдастырылды.

"Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлының ТМД аясында орыс тілін қолдау және насихаттау бойынша халықаралық ұйым құру туралы бастама көтергенін қолдайтынымды атап өткім келеді. Бұл үшін президент Тоқаевқа алғысымыз шексіз. Менің ойымша, бұл орыс тілі мемлекетаралық қарым-қатынас тілі екенін ескерсек, сонымен қатар, Ресейде миллиондаған ТМД азаматы жұмыс істеп, Ресейге даму жоспарларын жүзеге асыруға көмектесе отырып, өз отбасыларын асырауға қажетті қаражат тауып отырғанын ескерсек, бұл барлығы үшін маңызды", - деді Путин.