Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

9 жыл бойы ағалары зорлап келген: Ақтауда жасөспірім өзіне қол жұмсап көз жұмды

Ақтауда түс мезгілінде 13-шағын аудандағы көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған қыздың кім екені белгілі болды. Тіпті бойжеткеннің қиын тағдырына байланысты тың дерек те шықты, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Экспресс K сайтына сілтеме жасап. 

9 жыл бойы ағалары зорлап келген: Ақтауда жасөспірім өзіне қол жұмсап көз жұмды
фото: exk.kz

Көпқабатты тұрғын үй терезесінен құлаған қыз жайлы қоғам белсендісі Жанна Ким Facebook-тегі парақшасында жазды. Сөзіне сүйенсек, бойжеткеннің есімі Жангүл. Оның бұлайша өлуге асығуы бірінші рет емес көрінеді. Бұған дейін де бойжеткен өмірмен қоштасуға әрекеттенген. Себеп – жастайынан көрген қиын тағдыры.

«Естеріңізде болса, 1 маусым күні 2 жасында жетім қалып, кейін әжесінің қолында өскен қыздың тағдыры жайлы жазғанмын. Сол бойжеткенді екі ағасы 7 жасынан бастап 9 жыл тоқтаусыз зорлап келген. Ақырында шыдамаған ол көктамырын кесіп, өлмек болды», - деп бастайды жазбасын қоғам белсендісі.

Сол жағдайдан кейін дәрігерлер қызды психикасы нашарлаған науқастарды емдейтін ауруханаға жатқызады. Кейін полиция істі бақылауына алып, күдіктілерді қамауға алыпты. Бірақ сот тамыз айында оларды босатып жіберген. Ал бойжеткенді балалар үйіне өткізеді.

«Мен сол қызға асыраушы іздедім. Енді тапқан кезімде суық хабар жетіп отыр. Бойжеткен құлап өлді. Мектептен шыққаннан кейін осындай қадамға барыпты. Жүрегім қан жылауда. Әлгі зорлықшыл ағалары өз жазасын алса дұрыс болар еді», - дейді Жанна.

Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлаған қыздың көз жұмғаны хабарланған болатын.