Шымкентте жатақханада 1-курс студенті қайтыс болды.
Полицияның хабарлауынша, оқиға 22 қыркүйекке қараған түні болған.
«Әл-Фараби ауданы полициясының кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келді», - делінген ақпаратта.
Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған.
Салдарынан ол кенеттен өзін нашар сезінген.
Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері келгенше жігіт қайтыс болды.
Әл-Фараби ауданы полициясы қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.