Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) әлеуметтік жеілде өзге чемпиондарға арнап пост жазды, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Чемпиондар! Сендер чемпиондармен айқасқыларың келеді деуші едіңдер! Мен чемпионмын, қане жұдырықтасайық! Не қиындық бар? Сендер ашығын айтып, 40 жастағы чемпионмен ғана айқасқыларың келеді деп айтуларың керек еді", - деп жазыпты Жәнібек "твиттерде".