Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елордадағы айналма жолдың бойында мал жайғандар жазаға тартылды

Елордада экологиялық полицейлер айналма жолдың бойында жайылып жүрген ірі қара малдың иелерін жазаға тартты,. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Елордадағы айналма жолдың бойында мал жайғандар жазаға тартылды
сурет ҚазАқпарат сайтынан

12 ірі қара мал қараусыз күйінде Железнодорожный ауданы аумағындағы жолдың бойында жайылған. Іздестіру шараларының барысында мал иелерінің Ақмола облысы Шұбар ауылында тұратындығы анықталды.

 Белгілі болғандай, ірі қара мал екі адамға тиесілі болып шықты. Олар ауыл шаруашылығы жануарларын бағу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар мал иелеріне профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.