Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Бүгін Қазақстанға Рим Папасы келеді

Рим Папасы Франциск Қазақстанға ұшып келді. Бұл туралы Ватиканның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды paryz ақпараттық агенттігі. 

Бүгін Қазақстанға Рим Папасы келеді
Фото: ашық дереккөзі

Бүгін таңертең Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орай Рим Папасы Францисктің Қазақстанға 38-ші халықаралық апостолдық сапары басталды.

Рим папасы көлікпен Рим-Фиумицино халықаралық әуежайына барғаны, ол жерден Нұр-Сұлтанға A330/ITA Airways ұшағымен ұшқаны атап өтілді.

Қазақстан астанасының әуежайына қону Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17:45-ке жоспарланған.