Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Сарыағашта 34 млн теңгенің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрісі тәркіленді

Жүктің Өзбекстан азаматына тиесілі екендігі және Ресейден көрші республикаға контрабандалық жолмен тасымалданғаны анықталды.

Сарыағашта 34 млн теңгенің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрісі тәркіленді
фото: дереккөз

Түркістан облысында полиция заңсыз тасымалданған 34 миллион теңгенің контрабандалық дәрісін тәркіледі, деп хабарлады paryz.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Полиция Сарыағаш ауданында жолдың бойында жүк көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде тиісті құжаты жоқ 254 қорапша дәрі-дәрмек табылып, тәркіленді. Жүргізушінің айтуынша, ол Шымкент тұрғынымен келісіп, Сарыағаш ауданынан Түркістанға белгіленген ақыға жүк жеткізбек болған.

Дәрі-дәрмектің ішінде бисокодил, бисептол, кетонал, глицин, вольтарен, попадол және басқалары болды. Жүктің Өзбекстан азаматына тиесілі екендігі және Ресейден көрші республикаға контрабандалық жолмен тасымалданғаны анықталды. Дәрі-дәрмектердің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен", - деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Контрабандалық жүктің жалпы құны - шамамен 34 миллион теңге. Бұл факті Сарыағаш аудандық ПБ-да тіркелді.