Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Шымкентте 200-ден аса тұрғынның мәселесі тыңдалды

Өздеріңізге белгілі, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің ай сайынғы азаматтарды бірыңғай қабылдауы жүйелі түрде әр айдың алғашқы сәрсенбісінде өтуде, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Шымкентте 200-ден аса тұрғынның мәселесі тыңдалды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі әкім қабылдауына 200-ден астам қала тұрғыны келді.

Қабылдауда көтерілген негізгі мәселелер тұрғын үй, жер телімін заңдастыру,  жұмысқа орналасу, білім алу, медициналық көмек және т.б. қатысты.

Мәселелерге заң шеңберінде, тиісті сала мамандарының талқылауымен, жан-жақты шешім жолдары қаралды. Хаттамаға енгізілгендердің кейбірі шешімін бірден тауып жатса, кейбірі ұзақ мерзімді қажет етуде. Тұрғын үй кезегі, жер телімін заңдастыру секілді мәселелердің тек заң аясында және кезегімен шешілетіні тұрғындарға тағы да түсіндіріліп өтті. 

Қабылдауға келген 200-ден астам тұрғынның 130-на жуығын қабылдаған шаһар басшысы, осындай жүзбе-жүз  кездесулер ашықтық пен шынайылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, өкілетті орган жұмыстарын халық көзімен бағалауға мүмкіндік беруде екенін атап өтті. 

Қабылдауда қала әкімінің орынбасарлары, өңірлік департамент басшылары мен салалық басқарма басшылары да болды.