Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жемқорлыққа батқан әкімдіктердің рейтингі жарияланды

Ranking.kz аналитика ресурсы өңір әкімдіктеріндегі жемқорлық деректері бойынша рейтинг жасады, деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі. 

Жемқорлыққа батқан әкімдіктердің рейтингі жарияланды
Фото: ашық дереккөзі

«2022 жылдың қаңтар-шілде аралығында әкімдіктер мен құрылымдас бөлімдердің 91 қызметкері жемқорлық қылмыспен ұсталған. Бұл - кейінгі жылдардағы «рекордты» көрсеткіш. Мысалы, 2021 жылы жемқорлық әрекетімен мемлекеттік қызметкер ұсталған», - деп жазады аналитикалық ресурс.

Өңірлер бөлінісінде Түркістан облысындағы әкімдік қызметкерлері жемқорлық қылмыспен жиі ұсталған – 13 адам.

«Көшбасшы» өңірлер арасында жемқорлық қылмсының көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы (11 адам) мен Шымкент қаласы (9 адам) алғашқы үштікте тұр.

Ал рейтингтің ең соңында тұрған Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде 1 ғана жемқорлық фактісі тіркелген.