Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Nur Otan-ның 78 үміткері Мәжіліс депутаты болғысы келеді

Партиямен байланысты жоғалтқаны үшін 240 мыңнан астам адам, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін 610 адам партиядан шығарылған.

Nur Otan-ның 78 үміткері Мәжіліс депутаты болғысы келеді

Nur Otan-ның орталық аппаратында партия саяси кеңесінің отырысы өтті. Отырыстың қорытындысы бойынша Үкіметтің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі есебі алдын ала мақұлданды, деп хабарлады paryz.kz.

Праймериздің 78 жеңімпазы енген Мәжіліске арналған партиялық тізім, сондай-ақ, жұмыс органдарының құрамы мен партияның кезектен тыс XX съезінің күн тәртібі бекітілді.

Бұл ретте, партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындысы қаралды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек "Партия қатарын тазарту" аясында жарғы мен этика кодексін сақтамай, партиямен байланысты жоғалтқаны үшін 240 мыңнан астам адам, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін 610 адам партиядан шығарылғанын мәлімдеді.

Ал партияның кезектен тыс ХХ съезі 2020 жылдың 25 қарашасында өтетін болды.